| 14.03.2012 Алматыда 2012 жылы ТКШ-ны жаңғырту бағдарламасы бойынша 278 үй жөнделеді |
АЛМАТЫ. Қаңтардың 13-і. BNews.kz - Алматыда 2012 жылы ТКШ-ны жаңғырту бағдарламасы бойынша 278 үй жөнделуі жоспарланған, деп хабарлайды қаланың тұрғын үй басқармасының баспасөз қызметі.
|
| 22.12.2011 Екі еселенген үнем |
3 қааша күні Астанада БҰҰДБ/ҒЭҚ пилоттық жобасының тұсаукесері өтті. Ол №9 мектеп-лицейдің жылыту жүйесін қайта құруға және инновациялық энергияны тиімді пайдалану технологиясын енгізуге көзделген. Шамамен, енді, астаналық мектеп жылу энергиясы бойынша бюджетке төлейтін ақшаның 25 пайызын қысқартады.
|
| 05.12.2011 ҚР Үкіметі энергиямен қамтудың кешенді жоспарын бекітті |
АСТАНА. Қарашаның 29-ы. BNews.kz – ҚР Үкіметі жылына 200 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік беруші энергиямен қамтудың кешенді жоспарын бекітетін қаулы қабылдады. Бұл туралы бүгін үкімет отырысы барысында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қаныш Тілеушин мәлімдеді.
|
| 14.11.2011 СЕМЕЙДЕГІ АРНАЙЫ КОНФЕРЕНЦИЯДА ТКШ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ ЭНЕРГИЯНЫ ҮНЕМДЕУ ЖӘНЕ ЭНЕРГОТИІМДІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАЙДЫ |
Cемей, 14 қараша 2011 жыл – Біріккен Ұлттар Ұйымы/Ғаламдық Экологиялық Қордың энерготиімділікті арттыруға бағытталған жобалары және Семей қ. Әкімдігімен ұйымдастырылған арнайы конференция тұрғын үй-коммуналдық саласында энергияны үнемдеу, энерготиімділікті арттыру үшін күрделі мәселелерді шешуге арналған.
|
| 05.11.2011 Энерготиімді технологияны енгізу Астана мектебінің қуат көзіне жұмсайтын шығынын 25 пайызға азайтады |
Энерготиімді технологияны енгізу Астана мектебінің қуат көзіне жұмсайтын шығынын 25 пайызға азайтады
Энерготиімді технологияны енгізудің арқасында Астанадағы №9 мектеп-лицей қуат көзіне жұмсайтын шығынын 25 пайызға азайтады, деп хабарлады «ТКШ Қазорталық» АҚ-ның баспасөз қызметінен.
|
Архив
|

|
«Коммуналдық жылумен қамтамасыз етудің энергия тиімділігін арттырудағы кедергілерді жою» БҰҰДБ/ҒЭҚ жобасы
| Жобаның ұзақ мерзімді мақсаты -
Қазақстанда жылумен қамтамасыз ету коммуналдық жүйесінен парникті газдар шығарындыларын азайту
Жобаны іске асыру мерзімі: 2007 – 2011 жылдары
Жобаның компоненттері:
- Энергия тиімділігін жоғарылату алға бастырылуын және ынталандыруды қамтамасыз ету үшін нормативті-құқықтық және реттейтін шеңберлерді әзірлеу
- Энергия тиімділігі бойынша жобаларға қаржыландыруды тарту үшін жаңа институтионалды және қаржылық моделдердi әзірлеу және енгізу
- Қазақстанда және өзгe мемлекеттердің аймақтарында тиімді көбейту мақсатында алған жобаның сабақтарын және қорытындыларын тарату және талдауын жинақтау
Жобаның негізгі серіктестері:
- Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі;
- ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі;
- ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі;
- ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі;
- ҚР Индустрия және сауда министрлігі;
- Астана және Алматы қала әкімдіктері;
- Қалалардың пәтер иелерінің кооперативтері кауымдастықтары;
- Энергетика саласындағы институттар мен компаниялар;
- Коммерциалық банктер және консалтингтік компаниялар
Күтілетін қорытындылар:
Тұтынушылар үшін: тұтынудың дәл есебінің нәтижесінде жылу және ыстық сумен жабдықтауға коммуналдық төлемдерді қысқарту, жылумен қамтамасыз ету жүйесінің сенімділігін арттыру мен оның қызмет көрсетуге шығын етуді азайту, тұтынушыларды энергия сақтау процессіне және ынталандыруларды жасауға тарту
Жабдықтаушылар үшін: жылулық шығындарын азайту, жылу жүйесінде гидравликалық және температуралық режимдердi жақсарту, отын, энергия және су пайдалану тиімділігін арттыру, жылумен қамтамасыз ету саласында қызмет нарығын дамыту
Мемлекет үшін: ЖІӨ-нің энергетика үлесін қысқырту, заңнамалық нормалардың орындалуына көмектесу; энергетика қуаттылығы тапшылығын азайту, климат жөніндегі халықаралық келісімдер міндеттерін орындау, ел экономикасы бәсекелестікке қабілетілігін арттыру, қоршаған ортаны қорғауға үлес қосу
2009 жылғы жоба жетістіктері:
1. Ғимараттарды жылумен қамтамасыз етудің энергия тиімділігін арттыруына инвестициялар тартудың түрлі моделдері (Энергия қызмет көрсету компаниясы (ЭҚКК), Энергия тиімді ПИК) жасалынды және талқыланды. Моделдер келесі сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік береді: Тиімді жобаны калай ұйымдастыру керек? Қаржыны қайдан алуға болады? Нәтижелерін қалай алуға болады? Пайданы қалай дұрыс ұйымдастыру қажет?
2. Ұсынылған моделдерді саралаудан өткізу пилоттық демонстрациялық жобалар іске қосылды. Бюджеттік секторының ғимараттарында - Астана қаласының №15 орта мектебінде “ЭнКом-Ст” компаниясымен бірге жоба жүзеге асырылды. Жылыту маусымында жылу энергиясының 20 пайызы үнемділікке жеткен. Тұрғын үй секторында ҒЭҚ Шағын гранттар бағдарламасы мен пәтер иелері қатысуымен Астана қаласындағы екі ПИК жобалары іске қосылды. Энергия үнемдейтін жабдықтардың бірінші ай қызметінде ыстық сумен қамтамасыз ету мұқтаждығына қолданылған жылу энергиясын тұтынудың 45 пайызы үнемділікке жеткен.
3. Қазақстандағы ірі қалаларында энергия қызмет көрсету компанияларын (ЭҚКК) құруда көмек көрсетілді. Бюджеттік ғимараттарда шараларды жүзеге асыруға Алматы қаласында ЭҚКК құру үшін құжаттар пакеті дайындалды. Консультациялар өткізілді. Облыс әкімдігінің көмегімен тұрғын үй саласында шараларды жүзеге асыруға арналған Қарағанды қаласында жеке меншіктік ЭҚКК ұйымдастылды. Қазақстанда ұйымдастырылып отырған ЭҚКК-ға қаржылық қолдау көрсетуге тендер жарияланды.
4. Тұрғын үйлердің энергия тиімділігін арттыруға қатысты пәтер иелерінің кооперативтері (ПИК) үшін оқыту ұйымдастырылды. Жұртшылыққа семинарлар, трейнингтер, дөңгелек үстелдер, PR-акциялар откізілді. ПИК-не әдістемелік ұсыныстар әзірленуде.
|
|